$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Құрбан айт: елордада мал сою мен ет сақтауға қатысты талаптар күшейтілді

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Құрбан айт мерекесі қарсаңында құрбандыққа шалуға мал сою, ет өнімдерін сақтау және тұтыну кезінде санитариялық және ветеринариялық талаптарды сақтау қажеттігін ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

​Бұл шаралардың негізгі мақсаты – инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу, сондай-ақ тағамнан улану жағдайларын болдырмау.

​“Ең алдымен, құрбандыққа мал сою тек арнайы белгіленген орындарда – ресми мал сою пункттері мен жергілікті атқарушы органдар айқындаған алаңдарда жүргізілуі тиіс екенін еске саламыз”, – делінген департамент хабарламасында.

​Бұл не үшін маңызды?

​Мамандандырылған объектілерде қажетті санитариялық жағдайлар қамтамасыз етіледі:

​– сою алдында құрбандыққа шалынатын ірі қаранемесе ұсақ малға ветеринариялық тексеру жүргізіледі;

​– сойылғаннан кейін етке ветеринариялық-санитариялық сараптама жасалады;

​– өнімді қауіпсіз сақтау және қалдықтарды кәдегежарату үшін қажетті жағдайлар қарастырылған.

​Аулаларда, жеке секторларда, тұрғын үйлердіңмаңында немесе басқа да белгіленбеген  орындардамалды союға тыйым салынады, өйткені бұлинфекцияның таралу, қоршаған ортаның ластану жәнежұқпалы аурулардың пайда болу қаупін тудырады.

​Союға тек ветеринариялық тұрғыдан қолайлышаруашылықтардан шыққан сау малдар ғана жіберіледі.

​Етті сақтау талаптарына ерекше назар аудару қажет. Союдан кейін ет салқындатылған күйде сақталуы тиіс. Ет өнімдерін күннің астында, автокөліктерде немесебөлме температурасында ұзақ уақыт қалдыруғаболмайды.

​Ет сатып алу кезінде оның сыртқы түріне, түсіне, иісіне және консистенциясына назар аударыңыз.

​Жаңадан сойылған ет өнімдерінде бөгде иіс, шырыш, жабысқақтық немесе дақтар болмауы керек.

​Тұтынар алдында ет міндетті түрде мұқияттермиялық өңдеуден өткізілуі қажет.

​Сондай-ақ келесі ұсынымдарды сақтау маңызды:

​– етпен жұмыс істеудің алдында және кейін қолдыжуу;

​– шикі ет пен дайын өнімдер үшін бөлек пышақтармен тақтайларды пайдалану;

​– дайын тағамдарды тек тоңазытқышта сақтау.

​Егер сіз қоғамдық орындарда немесе тұрғын үйсекторында малды рұқсатсыз союға куә болсаңыз, 102 нөмірі арқылы полиция органдарына хабарласу қажет.

Back to top button