ҚМА “казиноға жарнама жасады” деген тағы бір блогерді іздеп жатыр
ҚМА Астана қаласы бойынша департаменті блогер Ювашев Ильяр Салаватовичке мемлекетаралық іздеуге жариялады. 1998 жылғы Қазақстан азаматы «andersonchik1» лақап атымен танымал, деп хабарлайды ҚМА.
Ол ел аумағында лицензиясыз жұмыс істеген заңсыз интернет-казино қызметін ұйымдастыруға жәрдемдесті деген күдікке ілінді. Тергеу деректеріне сәйкес, И.С. Ювашев 2024–2025 жылдары интернет-казино желісін құруға және басқаруға қатысқан, оның ішінде mellstroy.gamе ресурсы да бар.
Қаржы ағындарын заңдастыру және операцияларды жасыру мақсатында 22 жалған заңды тұлға тіркеліп, POS-терминалдар мен электронды төлем құралдары пайдаланылған. Осы арқылы ойыншылардан 3,6 млрд теңгеден астам қаражат түскен.
Агенттік іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір мәлімет белгілі болған жағдайда, Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарлауларыңызды сұрайды:
- +7 7172 70 84 79 (іш.21384) – кезекші бөлім;
- Call-орталық: 1458.
Ақпарат берген тұлғаларға сыйақы қарастырылған, құпиялылық сақталады.