Ерекше

Қазының құрамында Омега-3 көп, ол теңіз өнімдерін алмастыра алады – ғалым

Бұл туралы ғалым Алмаз Шарман жуырда AIRAN телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы Айран арнасына сілтеме жасап.

“ШЕКТЕН АСЫРМАЙ ЖЕУ КЕРЕК”

«Қазақтар теңізден, балықтан алыс жерде тұрады. Теңіз балығы бізге көп жағдайда қолжетімді емес. Ал қазы оны алмастыра алады, өйткені оның құрамында жүрек пен қан тамырлары үшін маңызды Омега-3 май қышқылдары бар. Міне, осы жағынан алғанда өте пайдалы. Сол себепті, қазыны жеуге болады, бірақ шектен асырмаған жөн. Екіншісі – қымыз. Өзі бір таңғажайып сусын. Құрамы тек ақуызбен шектелмейді. Мәселен, сиыр сүтінде казеин бар. Ол да пайдалы, дегенмен адам ағзасына қымыз сияқты жақын емес», – деді ол.

Ғалымның айтуынша, бие сүтіндегі негізгі ақуыз – альбумин.

«Бұл – дәл ана сүтіндегідей ақуыз. Біріншіден, мұнда ақуыздық компоненттер бар, екіншіден, пробиотиктер өте көп. Сонымен қатар, бұл сусында С дәрумені де мол немесе ағзаны қорғайтын, иммундық жүйені нығайтатын ферменттер жеткілікті», – деп түйіндеді Алмаз Шарман.

Back to top button