Жаңалықтар

ҚазТАГ сайты DDoS-шабуылына ұшырады

Сайт уақытша қолжетімсіз болып, редакция жаңалықтарды жариялау мүмкіндігінен уақытша айырылды.

ҚазТАГ ақпарат агенттігінің сайты DDoS-шабуылына ұшырап, соның салдарынан оның жұмысында уақытша іркілістер орын алды, деп хабарлайды Tizgin.kz порталы КазТАГ-қа сілтеме жасап.

Шетелдік трафик уақытша бұғатталды

«Сіздерге хабарлаймыз: DDoS-шабуылдардан қорғайтын жүйеміз сіздердің мекенжайларыңызға бағытталған кіріс трафигінің қалыптан тыс күрт артқанын тіркеді. Осыған байланысты шабуыл аяқталғанға дейін шетелден келетін трафик уақытша бұғатталды. Қазақстан аумағындағы трафикке ешқандай шектеу қойылған жоқ. Сақтық шараларын сақтауларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады «PS Интернет-компаниясы» ЖШС.

Сайттың жұмысы уақытша тоқтады

ҚазТАГ сайтына жасалған DDoS-шабуылдар 19 шілдеде басталып, 20 шілдеде де жалғасты. Соның салдарынан сайт уақытша қолжетімсіз болып, редакция жаңалықтарды жариялау мүмкіндігінен уақытша айырылды.

Telegram-арнасына қатысты жалған ақпарат таратылуда

Сонымен қатар, ұзақ уақыттан бері агенттіктің Telegram-арнасына жазылған оқырмандарға боттар арқылы ҚазТАГ туралы жалған ақпарат қамтылған хабарламалар мезгіл-мезгіл жіберіліп келеді.

 

Back to top button