“ҚазМұнайГаз” директорлар кеңесіндегі соңғы шетелдік қызметінен кетті
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы директорлар кеңесінде жұмыс істеген соңғы шетелдік Филип Холланд өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Tizgin.kz “Нефть и Газ Казахстана” Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Холланд кететінін қашан мәлімдеді
Арна ақпаратынша, 13 тамыз күні “ҚазМұнайГаз” акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтіп, директорлар кеңесінің жаңа құрамы үш жылға сайланған. Филип Холланд та тәуелсіз директор ретінде орнын сақтап қалған. Дегенмен бір күн өткенде, яғни 14 тамызда Холланд бастама танытып, директорлар кеңесінен шығатынын мәлімдеген. “ҚазМұнайГаз” оның өтінішін дәл осы күні алған.

Былтырғы дерек не дейді
Холланд “ҚазМұнайГаздың” директорлар кеңесінде қызмет етіп жүрген соңғы шетелдік болатын. Өткен жылдың соңындағы дерекке сенсек, кеңестегі тоғыз адамның сегізі Қазақстан, ал Холланд Ұлыбритания азаматы болған.
“Нефть и Газ Казахстана” арнасы” ҚазМұнайГаздың” директорлар кеңесіне шетелдік мамандардың көптеп келуі 2014 жылы басталғанын жазды. Бірнеше жылдан кейін кеңестегі жеті адамның төртеуі шетелдік болған.