TOP-2Жаңалықтар
Қазгидромет құрғақшылық болуы мүмкін бірнеше өңірді атады
Қазгидрометтің мәліметінше, бірқатар облыста құрғақшылық болуы мүмкін.

Нақтыланған болжамға сәйкес. 2026 жылдың маусымында атмосфералық құрғақшылық күтіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Ақтөбе облысындағы Шалқар ауданында, Алматы облысындағы Балқаш ауданында, Жетісу облысындағы Қаратал ауданында, Қызылорда облысындағы Арал және Қазалы аудандарында жергілікті құрғақшылықтың пайда болу ықтималдығы жоғары», – деп жазылған хабарламада.
Елдің қалған аумағында ылғалдану жағдайлары осы ай үшін қалыпты шамада болады деп күтілуде.