Жаңалықтар
Қазақстанда сиыр етін экспорттауға шектеу енгізіледі
Елде сиыр етін экспорттауға уақытша сандық шектеу енгізу жоспарланып отырғаны туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген бұйрық жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ШЕКТЕУДІҢ МАҚСАТЫ НЕ
Құжатқа сәйкес, Қазақстан аумағынан үшінші елдер мен Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) сиыр етін (жаңа сойылған, салқындатылған және мұздатылған) экспорттауға алты ай мерзімге 25 мың тонна көлемінде квота белгілеу ұсынылған.
Министрлік мәліметінше, мұндай шектеулерді енгізу бірнеше маңызды мақсатқа бағытталған.
БҰЙРЫҚ ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР
Атап айтқанда:
- отандық ет өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамтамасыз ету;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемін арттыру;
- ел ішінде қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту;
- жаңа жұмыс орындарын ашу;
- ішкі нарықты ет өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету және бағаны тұрақтандыру.
Бұйрық жобасы қоғамдық талқылау үшін “Ашық НҚА” порталында жарияланды. Құжатты талқылау 1 шілдеге дейін жалғасады.