TOP-2Жаңалықтар
Қазақстанда бензин бағасы күрт қымбаттамайды — Энергетика министрлігі

Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев елде бензин бағасының күрт өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның айтуынша, бензин бағасын көтеруге қойылған мораторий алынғанына екі апта болған. Осы уақыт ішінде баға негізінен небәрі 1 теңгеге ғана өскен.
«Екі-үш теңгеге өсті деген ақпарат менде жоқ. Бағалар өседі, бірақ күрт емес, біртіндеп көтеріледі», — деді вице-министр брифинг барысында.
Сондай-ақ ол бағаның бірден әртүрлі деңгейде — бір жерде 1 теңгеге, енді бір жерде 30 немесе 100 теңгеге секіріп кетуі болмайтынын атап өтті.
Министрлік дерегінше, нарықтағы баға өзгерісі кезең-кезеңімен жүзеге асады.