Оқиға

Қазақстан мұнайын таситын Chevron танкеріне шабуыл жасалды

Қара теңізде Chevron компаниясына тиесілі мұнай танкеріне дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы Reuters агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, шабуылға Yasa Polaris мұнай танкері ұшыраған. Әзірге шабуылды нақты қай тарап жасағаны және кеменің қаншалықты зақымданғаны белгісіз.

Chevron компаниясы оқиғадан хабардар екенін растады. Алайда компанияның мәліметінше, бұл жағдай мұнай экспортын тасымалдау жұмысына әсер етпеген.

«Экипаждың өміріне қауіп жоқ, кеменің техникалық жағдайы қалыпты. Танкер қауіпсіз портқа бет алды. Біз кеме операторымен және құзырлы органдармен тұрақты байланыстамыз», – делінген компания хабарламасында.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Back to top button