ЕрекшеЖаңалықтар

Қарағанды хайуанаттар бағындағы жолбарыс күшіктеріне ат қойылды

Байқау нәтижесі Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара барысында жарияланды.

Қарағанды хайуанаттар бағындағы амур жолбарысының екі күшігіне ат қойылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қарағанды облысы әкімдігінің мәліметінше, әлеуметтік желіде өткен байқау қорытындысы бойынша жолбарыстың күшіктеріне ат қойылды. Жалпы, желі қолданушылары 300-ден астам атау ұсынған.

Байқау нәтижесі Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шара барысында жарияланды.

«Дауыс беру қорытындысы бойынша еркек жолбарысқа Муфаса, ал ұрғашысына Киара аты қойылды. Бұл атау көпшілікке «Арыстан патша» (The Lion King) мультфильмі арқылы жақсы таныс және байқауға қатысушылардың пікірінше, жолбарыстың күшіктеріне өте үйлеседі», – деп жазылған облыс әкімдігінің хабарламасында.

Қарағанды хайуанаттар бағының директоры Гүлнар Адамбекованың айтуынша, алдағы уақытта күшіктердің біреуі Қарағандыда қалдырылып, екіншісі басқа хайуанаттар бағымен айырбасталуы мүмкін.

Қазіргі уақытта жолбарыс күшіктерінің жағдайы жақсы. Олар белсенді өсіп, күш жинап келеді.

Back to top button