TOP-2Жаңалықтар

Қар аралас жаңбыр, тайғақ жол: «ҚазАвтоЖол» бес облыстың жүргізушілеріне ескерту жасады

29 қазанда Қазақстанның бес облысында жауын-шашынға байланысты жол жағдайы нашарлауы мүмкін. «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді ауа райын ескеріп, жолда сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қай өңірлерде қар күтіледі

Компанияның мәліметінше, бүгін Абай, Алматы, Қарағанды, Жетісу және Шығыс Қазақстан облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар күтіледі.

Осыған байланысты республикалық автожолдардың жекелеген бөліктерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол беті тайғақ болуы мүмкін.

Жүргізушілерге қандай кеңес берілді

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауды және оқыс маневр жасамауды ұсынады.

Республикалық автожолдардың жай-күйі туралы ақпаратты 1403 нөміріне хабарласып білуге болады. Ақпарат желісі тәулік бойы жұмыс істейді.

Back to top button