Қамшыбек Тәшиевке үкім шықты

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевке үкім шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Тәшиевке төрт жыл бойы пробациялық бақылау орнатылды. Ол билікті күшпен басып алуға дайындалды және билігін асыра пайдаланды деп айыпталған еді. Тәшиевпен бірге айыпталған бұрынғы бас прокурор Құрманқұл Зулушев, қырғыз парламентінің эк-спикері Нұрланбек Тұрғынбекұлы мен жақтастары Бекболот Талғарбеков, Аалы Қарашев, Эмиль Ұзақбаев, Құрсан Асанов, Құрманбек Диқанбаев та төрт жыл пробациялық бақылауда болады.
Судья айыпталушылардың барлығын төрт жылға түрме жазасына кесіп, кейін пробациямен бостандықта қалдырды. Егер айыпталушылар пробация талаптарын бұзса қамауға алынады. Бұған дейін прокурор барлық айыпталушыларды 9 жылға соттауды сұраған еді.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың жақын серігі әрі досы болған Тәшиев бес жыл бойы елдегі екінші ықпалды адам саналған.