Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған “Байсат” базары Алматы әкімдігі меншігіне өтуі мүмкін
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасы Нұрмахан Әділбеков Алматыдағы “Байсат” базарының алдағы тағдырына тоқталды, деп хабарлайды Tizgin.kz тілшісі.
БАҚ ҚОЙҒАН СҰРАҚ
Журналистер “Байсат” базарының бір жылға жуық уақыт бойы аукционда сатылмай жатқанын еске салып, себебі неде екенін сұрады.
Әділбековтің сөзінше, базардың сатылмауына сұраныстың төмендігі немесе инвесторларда мұндай ірі нысанды сатып алуға жеткілікті қаржының болмауы себеп болуы мүмкін.
ТӨРАҒА ЖАУАБЫ
Комитет төрағасы неліктен сатылмай жатқанын нақты айту қиын екенін жеткізді.
Менің ойымша, оған сұраныстың аздығы немесе инвесторларда мұндай көлемдегі қаражаттың болмауы әсер етіп отыр. Егер нысан сатылмаса, оны Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру мәселесін қарастыруға болады”, – деді комитет төрағасы.