«Қайраттың» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды
Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА Чемпиондар лигасының 2026/2027 жылғы маусымының плей-офф кезеңіне арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Оның қорытындысы бойынша алматылық «Қайраттың» келесі кезеңге өткен жағдайда кіммен кездесетіні белгілі болды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Плей-оффтағы ықтимал қарсылас – АЕК
Егер Рафаэль Уразбахтин шәкірттері Чемпиондар лигасы іріктеуінің үшінші кезеңінде Болгарияның «Левски» клубынан басым түссе, плей-оффта Грекияның АЕК командасымен кездеседі.
Бұл жұптың жеңімпазы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады.
«Левски» – «Қайрат» матчы қашан өтеді
«Левски» мен «Қайрат» арасындағы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны 4 тамыз күні Болгария астанасы Софияда өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 22:30-да басталады.
Қарымта кездесу 11 тамызда Түркістанда ұйымдастырылады. Бастапқыда ойын Алматыда өтуі тиіс болған. Алайда Орталық стадионда америкалық рэпер Канье Уэсттің концерті жоспарланғандықтан, матчты Түркістанға көшіру туралы шешім қабылданды.