TOP-2Жаңалықтар

Путин Тоқаевтың Украинадағы соғысты уақытша доғару туралы ұсынысына жауап берді (Видео)

Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына жауап берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Путин не дейді

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Украинадағы қақтығысты тоқтата тұру жөніндегі ұсынысты талқыламағанын мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстан президенті шілде айында Омбыда Путинмен кездесуі кезінде Украинадағы қақтығысты тоқтата тұруды, реттеудің Ыстанбұл формуласына қайта оралып, бейбітшілікке қарай қадам басуды ұсынған еді.

«Біз онымен бұл мәселені мүлде талқылаған жоқпыз. Ол бұл ұсынысын көпшілік алдында айтты. Кейін біз бұл мәселеге қайта оралмадық», – деді Ресей басшысы журналистердің сұрағына жауап бере отырып.

Путин соғыс мәселесіне келгенде “біз соғысты уақытша тоқтатқымыз келмейді, біз біржолата тоқтатып, Украинада, Еуропада ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізгіміз келеді. Сол үшін келіссөздер процесіне дайынбыз” деді.

Тоқаев Путинге Украинадағы соғысты уақытша доғаруды ұсынды

Еске сала кетейік, биыл шілдеде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей президентімен кездесу кезінде Украинадағы соғысты уақытша тоқтатуды ұсынған еді.

“Мұның бәрін тоқтату керек. Өйткені, менің ойымша, болып жатқан жағдай қарсыластарға тиімді және оларды қуантпауы мүмкін емес. Ресейдің де, Украина мемлекетінің де” – деді ол.

Қазақстан президенді өзіне Еуропа мен АҚШ-тан Ресей мен Украина арасындағы соғысқа қатысты көп белгі түсіп жатқанын айтты. Ол сонымен бірге “бұл қақтығыстың табиғаты көп адамға түсініксіз, оның ішінде бізге де” деді. Тоқаевтың сөзінше, мысалы Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыстың ұзақ әрі түсінікті қисыны бар.

“Аляскада барынша дипломатиялық икемділік танытқаныңызды білеміз. Бұл менің қарапайым пікірім. Бәлкім, қақтығысты уақытша доғарып, стамбұлдық 2.0 формуласына оралған жөн шығар. Әрине, АҚШ сияқты алып державалардың кепілдігімен. Мен араағайын болудан үзілді-кесілді бас тартамын” деді Тоқаев.

Ал Путин Тоқаевты Украина бойынша істердің барысы туралы хабардар етіп отыруға уәде берген.

Back to top button