TOP-2Жаңалықтар

Прокурорлар соттан ерлі-зайыпты блогерлерді түрмеге жіберуді сұрады

Прокуратура блогерлер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Толегенованы әрқайсысын 4 жылға бас бостандығынан айыруды және мүлкін тәркілеуді сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бірдей мерзім ұсынылғанымен, ерлі-зайыптылардың жағдайы әртүрлі. Эльмира Толегеноваға қатысты прокурор жаза орындауды бір жылға кейінге қалдыруды ұсынып, осы кезеңде оны елден шықпау туралы қолхатпен қалдыруды сұрады. Айыптаушы тарап екі айыпталушы үшін де жеңілдететін мән-жай ретінде кәмелетке толмаған балаларының бар екенін атап өтті, ал ауырлататын жағдайлар анықталмаған.

Қылмыстық істің мәні заңсыз кәсіпкерлік пен ақшаны жылыстатуға қатысты. Тергеу нұсқасына сәйкес, блогерлер көрермендерді жаңылыстыра отырып, ұтыс ойындарын өткізу арқылы 247 миллион теңгеден астам табыс тапқан: жүлделер қатысушылардың жарналарына сатып алынғанымен, жарнамада ұйымдастырушылар өз қаражатын жұмсайды деп көрсетілген.

Блогерлердің өздері кінәсін ішінара ғана мойындады.

Back to top button