ЖаңалықтарТергеу

Прокурор наразылығы бойынша заңсыз ойын бизнесінен алынған табыс өндірілді

Астана тұрғыны арнайы лицензиясыз ойын бизнесі саласында қызмет ұйымдастырған. Ол мобильді қосымша арқылы қолжетімді онлайн казино жұмысын бақылап отырды, деп хабарлайды Tizgin.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

ТІКЕЛЕЙ ЭФИР АРҚЫЛЫ ТАБЫС ТАПҚАН

Мәлім болғандай, азаматтар TikTok және YouTube әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирлер арқылы құмар ойындарға қатысып, ойынға қатысу үшін ақша аударып отырды.

Заңсыз қызмет арқылы ол ірі көлемде заңсыз табыс тапқан.

МӘН-ЖАЙЫ

Сот оны кінәлі деп танып, рақымшылық актісі негізінде жазадан босатқан. Алайда сот заңсыз жолмен алынған қаражатты тәркілеу мәселесін шешпеген.

Прокуратураның кассациялық наразылығына сәйкес сот актісі өзгертілді. Сотталған адамнан мемлекет пайдасына қылмыстық жолмен алынған заңсыз табыс ретінде 9,9 млн теңге өндірілді.

Back to top button