TOP-2Жаңалықтар

Олжас Бектенов Үкімет басшысы қызметінде қалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Мемлекет басшысы бұл ұсынысты Құрылтайдың қарауына енгізді.

Олжас Бектенов Үкімет басшысы қызметіне қайта ұсынылып отыр. Депутаттардың 137-і Бектеновтің кандидатурасын қолдап, ол қызметінде қалды.

Еске салайық, Олжас Бектенов Қазақстан Республикасының Премьер-министрі қызметіне 2024 жылғы ақпанда тағайындалған болатын.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button