Партиялық жаңғыру: Қазақстан саясатында жаңа буын көшбасшыларға жол ашылып жатыр
Қазақстанның саяси кеңістігінде партиялық жаңару үдерісі байқала бастады.
Партиялық тізімдер мен жетекшілік құрамындағы өзгерістер елдегі саяси күштердің жаңа кезеңге қадам басқанын аңғартады. Exclusive бағдарламасының жүргізушісі, журналист Диас Еркінов осындай пікір айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Ескі жүк құлдиға тартады. Қоғам өзгерді, партияларға өмір сүру үшін жаңа идеялар керек», – дейді эурналист Диас Еркінов.
Саяси ауыр салмақтылар орнын жаңа буынға босатуда
Соңғы уақытта ұзақ жылдар бойы партияларды басқарған тәжірибелі саясаткерлер біртіндеп қызметтерінен кетіп, олардың орнына жаңа көшбасшылар келуде. Бұл өзгерістер елдегі партиялық жүйенің жаңаруына бағытталған маңызды қадам ретінде бағалануда.
«Ақ жол» мен Қазақстан халық партиясында басшылық ауысты
Шамамен 15 жыл бойы «Ақ жол» партиясын басқарған Азат Перуашев партия төрағасы қызметінен кетті. Сонымен қатар, ескі саяси буынның көрнекті өкілдерінің бірі Ермұхамет Ертісбаев та Қазақстан халық партиясының төрағасы қызметінен кеткені белгілі болды.
Бұл – шынайы жаңғыру ма, әлде тек кадрлық өзгеріс пе
Сарапшылардың пікірінше, партия басшылығының ауысуы маңызды саяси оқиға болғанымен, бұл өзгерістердің нақты нәтижесі уақыт өте белгілі болады.
Басты сұрақ – бұл үдеріс партиялардың идеологиясы мен жұмыс тәсілдерінің жаңаруына алып келе ме, әлде әзірге тек саяси жүйенің сыртқы келбеті ғана өзгеріп жатыр ма?
Жаңа кезеңнің басты сынағы
Алдағы уақытта жаңа көшбасшылардың қоғам сеніміне ие болуы, партиялардың халықпен байланысын күшейтуі және нақты реформаларды жүзеге асыруы саяси жаңғырудың басты көрсеткіші болмақ, сондықтан қазіргі кадрлық өзгерістер Қазақстанның партиялық жүйесі үшін жаңа кезеңнің бастамасы ретінде қарастырылып отыр.
@tetragrammatond♬ оригинальный звук – Dias