Оқиға

Өскеменде сарбаз армиядан қашып кетті: ол іздеуде жүр

Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі мерзімді әскери қызмет өткеріп жүрген сарбаздың із-түзсіз жоғалуына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Қазіргі уақытта оның жүрген жері белгісіз, іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ол қалай жоғалды

Өскемен гарнизонының әскери полициясы таратқан мәліметке сәйкес, іздеуде жүрген азамат – Мархан Айқын Ерланұлы. Ол 2004 жылы 31 наурызда туған. Өскемен қаласында орналасқан 27943 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет өткерген.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2026 жылы 23 шілдеде таңғы сағат 06:30 шамасында әскери қызметші тәуліктік кезекшілік атқару кезінде әскери бөлім аумағындағы қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен. Оқиға әскери бөлімнің ракеталық-артиллериялық қару-жарақ (РАВ) қоймасында кезекші қызметін атқару кезінде болған. Осыдан кейін оның қай бағытқа кеткені белгісіз. Бүгінгі күнге дейін орналасқан жері анықталмаған.

Белгілері қандай

Әскери полиция таратқан мәліметке сәйкес, іздеудегі азаматтың сыртқы келбеті төмендегідей:

  • бойы – 177 см;
  • салмағы – шамамен 80 келі;
  • дене бітімі – орташа;
  • көзінің түсі – қара;
  • бет пішіні – сопақша;
  • шашы – қысқа, қара;
  • ерекше белгісі – бетінде меңдері бар.

Сондай-ақ оның әскери далалық киім үлгісінде кеткені, кейіннен азаматтық киімге ауысуы мүмкін екені айтылды.

Тұрғындарға үндеу

Өскемен гарнизонының әскери полициясы жоғалған әскери қызметшіге қатысты қандай да бір ақпарат білетін азаматтарды дереу хабарласуға шақырды. Кез келген мәліметті төмендегі байланыс нөмірлері арқылы хабарлауға болады:

  • 8 (7232) 62-34-15
  • 8 705 508 39 39
  • 8 775 553 53 35

Құзырлы орган азаматтардың кез келген ақпараты іздестіру жұмыстарына маңызды болуы мүмкін екенін атап өтті.

Back to top button