ЖаңалықтарҚоғам

Өскеменде көршісінің есігін пышақпен қаққан екі жігіт ұсталды

Пәтерді жалдап тұрып жатқан екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Оқиға 17 мамыр түнінде Микоян көшесі, 10/1 мекенжайында орналасқан ғимаратта болды. Көпқабатты үй тұрғындарының бірі оның күнделікті жалға берілетін пәтерінен екі жас жігіттің пышақпен баспалдаққа шыққанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Көпқабатты үйдің тұрғыны үйде баласымен жалғыз болғанын және есікті ашпағанын айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Пәтерді жалға алып тұрған екі ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілді.

«19 жастағы азаматтан пышаққа ұқсас зат тәркіленді. Оның қолданылған-қолданылмағаны анықталған жоқ, сараптама тағайындалды. Күдіктіге тыныштықты бұзды деген айып тағылды. Тергеу барысында куәгерлерден жауап алынды. Тәркіленген затты қасақана пайдаланғанын көрсететін ешқандай мән-жайлар анықталған жоқ. Оқиғаға қатысқан екінші адам кәмелетке толмаған және ол оқитын оқу орнының жатақханасына жіберілді. Ата-анасы Өскеменге келгеннен кейін оқиғаның барлық мән-жайлары тиісінше бағаланады», – деп атап өтті департамент.

Back to top button