Жаңалықтар

Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот түпкілікті шешім шығарды

Актер Нұрсұлтан Жақсыген бұған дейін 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынған болатын, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Шағым қанағаттандырылмады

Сот шешімі туралы актердің бұрынғы әйелі – қылмыстық істегі жәбірленуші Фариза Сабырәлиеваның адвокаты мәлімдеді.

«Алматы облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Жақсыген Нұрсұлтанға қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіппен қарауды аяқтап, түпкілікті шешім қабылдады. Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырып, қорғау тарапының апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды», – деді адвокат.

Қылмыстық-процестік кодексінің 444-бабының 3-бөлігіне сәйкес апелляциялық қаулы жария етілген кезден заңды күшіне енеді.

Нұрсұлтан Жақсыген соты

Бұған дейін актердің сотталғаны туралы жазылған болатын. Алматы облысының Қарасай аудандық сотында судья Шолпанқұлованың төрағалық етуімен Жақсыген Нұрсұлтанға қатысты сот үкімі жарияланды. Сот оны кінәлі деп танып, 2 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Back to top button