TOP-2Оқиға

Астанада кәсіпкер әйел журналистке шабуыл жасап, операторды көлікпен қағып кете жаздады

Елордада кәсіпкер әйел «7 арна» тілшісіне шабуыл жасап, операторды көлігімен қағып кетпек болған. Оқиға видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Kursiv.media хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Астанадағы кондитерлік цехтың ішінен түсірілген видео тараған еді. Желі қолданушылары видеодағы санитарлық жағдайды сынға алып, кәсіпкердің қызметкерлермен қарым-қатынасына қатысты пікір білдірген. Видеоны цех иесінің өзі жариялаған.

Осы оқиғадан кейін журналистер кәсіпкерден пікір алуға барған кезде түсірілім тобына шабуыл жасалғаны айтылды.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button