Желтоқсанда қазақстандықтар қанша күн демалады

2026 жылдың желтоқсанында аптасына бес күн еңбек ететін қазақстандықтар 9 күн, ал алты күндік жұмыс істейтіндер 5 күн демалады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Биыл 16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл күн бес күндік және алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін де ресми демалыс саналады.
Бес күндік жұмыс аптасында желтоқсан айында сенбі және жексенбіге сәйкес келетін 8 демалыс күні бар. Тәуелсіздік күнін қосқанда, демалыс күндерінің жалпы саны 9-ға жетеді.
Ал алты күндік жұмыс аптасында жексенбіге сәйкес келетін 4 демалыс күні қарастырылған. 16 желтоқсандағы мерекелік демалысты есептегенде, бұл сан 5 күн болады.
Осылайша, желтоқсанда бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететіндер 22 күн, ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 26 күн жұмыс істейді.