Қазақстан бензин мен дизель экспортын тағы алты айға шектейді
Елде бензин, дизель отыны және бірқатар өзге де мұнай өнімдерін шетелге шығаруға қойылған шектеулер тағы жарты жылға ұзартылды. Энергетика министрлігі шешіміне сәйкес, жаңа тыйым 22 қарашадан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Министр бұйрыққа қол қойған
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов қол қойған бұйрыққа сәйкес, Қазақстан аумағынан бензин, дизель отыны және бірқатар басқа мұнай өнімдерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынады. Нефть и Газ Казахстана мәліметінше, бұл шектеу ЕАЭО елдеріне бағытталған тасымалдарға да қолданылмақ. Сонымен қатар мұнай өнімдерін теміржол арқылы экспорттауға да шектеу енгізіледі. Алайда белгіленген тәртіп бойынша бірқатар ерекшелік қарастырылған. Атап айтқанда, автомобильдердің зауыттан орнатылған штаттық жанармай бактарындағы отынды алып шығуға рұқсат беріледі. Бірақ мұндай мүмкіндік тәулігіне бір реттен жиі қолданылмауы тиіс.
Бұдан бөлек, ғылыми-зерттеу жұмыстары, қоспаларды іріктеу мен өзге де сынақтар жүргізу үшін авиаотынды шығаруға рұқсат етіледі. Үкіметтің арнайы шешімімен гуманитарлық көмек ретінде жіберілетін мұнай өнімдері де шектеуден босатылады.
Тағы бір шектеу бар
Бұдан бөлек, 2027 жылғы 1 қаңтардан 30 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық одақтан тыс елдерге бірқатар мұнай өнімін шығаруға тыйым салынады. Шектеу жеңіл дистилляттарға, авиациялық керосинге, дизель отынына, толуолға, ксилолға және мұнай битумын қамтиды.
Қазір Қазақстанда мұнай өнімдері экспортына осындай шектеулер қойылмақ. Қолданыстағы тыйым 2026 жылғы 21 қарашаға дейін белгіленген. Билік бұл шараларды ішкі нарықтағы жанармай қорын сақтап, көршілес елдермен баға айырмашылығына байланысты отынның сыртқа көптеп шығарылуына жол бермеу үшін қабылдап отыр.