ГеосаясатЖаңалықтар

Шэньчжэнде Путин мен Трамп кездесті

Қытайдың Шэньчжэн қаласында Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың кездесуі басталды. Екі ел басшылары АТЭС саммиті аясында бас қосқан. Бұл туралы Ресейдің ақпарат агенттіктері мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұған дейін халықаралық ақпарат құралдары Путин мен Трамптың саммит аясында Украинадағы соғысты талқылауы мүмкін екенін жазған.

Саммит қарсаңында Путин Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен жеке кездесу өткізген. Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, тараптар Украинадағы соғыс мәселесін талқылаған. Путин Қытай басшысына АҚШ президентінің арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен жуырда өткізген келіссөздері туралы мәлімет берген.

Сонымен қатар Шэньчжэньде Си Цзиньпин, Дональд Трамп және Владимир Путиннің қатысуымен үшжақты кездесу өткені хабарланды. Алайда бұл кездесудің қорытындысы жөнінде әзірге ресми ақпарат жарияланған жоқ.

Back to top button