Нұрай ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтетін күн белгіленді

Адвокат Аянхан Омаров кісі қолынан жан тапсырған Нұрай Серікбайдың ісі бойынша алғашқы сот отырысы қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
Сот өтетін күн
Адвокаттың мәліметінше, алдын ала тыңдау 2026 жылы 21 шілдеде сағат 10.00-де өтеді.
Нұрай ісі
Еске салсақ, 11 қаңтар күні Шымкент қаласының тұрғыны Нұрай Серікбай көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмысқа дейін күдіктінің оған қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскені хабарланған.
16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын мәлімдеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құқық қорғау органдарының әрекеттерін тексеруді тапсырды. Осыдан кейін Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы жұмысынан босатылып, бірқатар қызметкерге салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Нұрайды өлтірді деген күдікті бірнеше күн қашып жүріп, ұсталған. Күдіктіге үш айып тағылған.