Нетаньяху Трамптың Газа секторы бойынша жоспарын қабылдамады
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху АҚШ президенті Дональд Трамптың Газа секторындағы келісім жөнінде 15 тармақтан тұратын жоспарын қабылдамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz dw.com-ға сілтеме жасап.
“Израиль бұл құжатты қабылдамайды”
Ол Израил қарулы күштері Газа секторынан қандай жағдайда шығарылатынын түсіндіріп берді.
“Израиль 15 тармақтан тұратын бұл құжатты қабылдамайды. ХАМАС толық қарусыздандырылмайынша, Израиль әскері Газа секторынан әскерін шығармайды. Бұдан бөлек, Израиль әскері сарбаздары мен азаматтарына төнетін қауіптің алдын алуды жалғастырады”, – деді Нетаньяху жексенбі күні өткен министрлер кабинеті отырысында.
Трамптың шілдеде айтқаны
“Бейбітшілік кеңесі” шілде айында ХАМАС пен Газадағы басқа да қарулы топтарды қарусыздандыру туралы келісімге қол жеткізілгенін айтқан болатын. Дей тұрғанмен ХАМАС ауыр қару-жарақты тапсыру үшін Израиль барлық әскери әрекетін тоқтатып, әскерін Газа секторынан шығаруы тиіс екенін мәлімдеген.
Трамп өткен айда ХАМАС-тың Газа секторын қарусыздандыру жоспарын қабылдағанда оны “ұзақ мерзімді бейбітшілікке жасалған маңызды қадам” деген болатын.
Израиль мен АҚШ келіссөзі
Дегенмен Нетаньяху Израиль әскерін Газа секторынан шығару үшін алдымен ХАМАС қаруын жерге тастауы тиістігін атап өтті. Ол қазір АҚШ өкілдерімен келіссөздер жүргізіп жатқанын алға тартты.
“Олардың өз ұсыныстары бар. Кейбірі бізге қолайлы, ал кейбірін қабылдай алмаймыз. Осы секілі мәселелерде өз ұстанымымызды қалай қорғау керектігін білеміз”, – деді Нетаньяху.