Неміс депутаттары жалақысын көтеруден бас тартты
Бундестаг осы жылы депутаттар төлемақысын жоспарлы түрде көтеруден бас тартады. Екі билеуші фракция бұл аптада парламент қарауына тиісті заң жобасын енгізуді ұйғарды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЗАҢ ЖОБАСЫН ПАРЛАМЕНТТЕ ҚАРАЙДЫ
DW басылымы мәліметінше, бұл туралы dpa агенттігі жазған. Материалда жағдайдан хабардар дереккөздердің ақпараты берілген. Заң жобасы 11 маусым күніне жоспарланған парламент отырысының күн тәртібіне енгізілген.
Осылайша, Христиан-демократиялық одағы мен Христиан-әлеуметтік одағының консервативті блогы, сондай-ақ Германияның Социал-демократиялық партиясы азаматтарға күрделі қаржы-экономикалық жағдайда үнемдеу шараларына дайын екендіктерін көрсетуге тырысып жатыр. Төлемақыны көтеруге оппозиция – “Одақ-90″/”жасылдар” партиясы, оңшыл попплистік “Германия үшін балама” және Солшылдар партиясы да қарсы шығып отыр.
ФРАКЦИЯЛАР ПІКІРІ ҚАНДАЙ
Бундестагтың барлық 630 депутатына төленетін, Германиядағы жалақының жалпы динамикасына сүйене отырып есептелетін төлемақы биыл айына шамамен 500 еуроға (280 мың теңгеден астам) артар еді. Көтерілген соң парламенттегілердің төлемақысы 1 шілдеден 12 330 еуроға (шамамен 7 миллион теңге) дейін ұлғаюы тиіс болатын.
“Бюджет пен экономика тұрғысында қиындық байқалып жатқанда құрылымдық реформалар жүргізген жөн. Бұл тұрғындарға міндетті түрде қосымша жүктеме түсіреді”, – деді билеуші фракциялар.