Наурыз айы әдеттегідей жұмыс күндерінің саны бойынша ең қысқа айлардың бірі болады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Демалыс күндерінің жалпы саны жұмыс кестесіне қарай айқындалады:
- бес күндік жұмыс аптасы кезінде 31 күнтізбелік күннің 13 күні демалыс болып, 18 күн ғана жұмыс күні болады;
- алты күндік жұмыс аптасында 9 демалыс және 22 жұмыс күні белгіленген.
Қосымша демалыс күндері мерекелік күндердің ауыстырылуы есебінен беріледі.

2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сай келеді. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, егер мемлекеттік мереке демалыс күнімен тұспа-тұс келсе, демалыс күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.
8 наурызға арналған демалыс кестесі:
- бес күндік жұмыс аптасында: қатарынан 3 күн демалыс — 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі). 10 наурыз, сейсенбі – алғашқы жұмыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында: сенбі (7 наурыз) жұмыс күні болып қалады, ал қазақстандықтар 8 және 9 наурыз – 2 күн демалады.
22 наурызға арналған демалыс кестесі:
Ұлыстың ұлы күні қазақстандықтар едәуір демалады. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-23 наурыз аралығында атап өтіледі. 2026 жылы мереке күндері демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.
Наурыз мерекесіне арналған демалыс кестесі:
- бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз — қатарынан бес демалыс күні (сенбі – сәрсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23 және 24 наурыз — демалыс күндері, 25 наурыз — жұмыс күні.
Наурыз айында Қазақстанда кәсіби және мерекелік даталар да атап өтіледі:
- 1 наурыз — Алғыс айту күні;
- 14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) — Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.