Экономика

Мұнай бағасы тағы құлады

Сейсенбі күні әлемдік биржаларда мұнай бағасы төмендеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Лондонда орналасқан Intercontinental Exchange (ICE) биржасындағы ICE Brent Crude Futures бойынша тамыз айында жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы барреліне 91,45 долларды құрады. Бұл бұған дейінгі көрсеткішпен салыстырғанда 2,8 долларға төмен.

Ал Нью-Йорктегі NYMEX тауар биржасында Light, Sweet Crude Oil маркалы мұнайдың шілде айына арналған фьючерстері барреліне 88,2 доллар деңгейінде белгіленді, бұл 3,1 долларға аз.

Back to top button