Мұғалім әрі журналист – 2026 жылы «Әлем аруы» атанған бойжеткен жайлы не білеміз
Байқау финалы Вьетнамда өтті.
«Әлем аруы – 2026» халықаралық сұлулық байқауының жеңімпазы белгілі болды. Бұл туралы байқаудың ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Джохерри Мола Домигез туралы не білеміз

Биылғы байқаудың жеңімпазы атанып, «Әлем аруы – 2026» тәжін Доминикан Республикасының өкілі Джохерри Мола Домингез иеленді. Бұл Доминикан Республикасы үшін де тарихи жетістік болды. Ел аталған байқауда екінші рет бас тәжді жеңіп алып отыр. Бұған дейін доминикандық ару алғаш рет 1982 жылы «Әлем аруы» атағын жеңіп алған болатын.
Жаңа «Әлем аруының» өмірі тек сұлулық байқауларымен ғана байланысты емес. Джохейрри әдебиет және қоғамтану пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Сонымен қатар журналистикамен айналысып, тілші қызметін атқарады. Сондай-ақ, өзі құрған Voices of Tomorrow ұйымын басқарады.
Бұдан бөлек, оның бизнес менеджменті және әкімшілік басқару саласында жоғары білімі бар.
Финалдық кезең Вьетнамның Нячанг қаласында өтті.
111 ару бақ сынады

Байқауда екінші орынды Испанияның өкілі, ал үшінші орынды Малайзияның қатысушысы иеленді. Жалпы, халықаралық додаға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 111 ару қатысты.
Ұлттық іріктеуден өткен қатысушылар 29 тамыздан бастап Вьетнамда болды. Осы уақыт аралығында олар финалдық шоуға дейін түрлі дайындық кезеңдерінен өтті.
Финал 20 мыңнан астам көрерменге арналған алаңда ұйымдастырылды
73-ші «Әлем аруы» байқауының финалы Нячанг қаласының орталық жағажайы маңындағы ашық алаңда өтті. 20 мыңнан астам көрерменді қабылдай алатын арнайы алаң ауқымды жарық және дыбыс жүйелерімен жабдықталды.
Байқау Вьетнамның туристік әлеуетін танытуға мүмкіндік берді
Ұйымдастырушылардың айтуынша, халықаралық байқаудың Вьетнамда өткізілуі ел үшін маңызды оқиға болды. Бұл шара арқылы Вьетнам өзінің туристік әлеуетін әлем жұртшылығына кеңінен таныстыруға мүмкіндік алды.