Мемлекетке 11 млрд теңге залал келтірген экс-төраға ұсталды – ҰҚК
ҰҚК Қаржы министрлігінің «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ басқармасының бұрынғы төрағасын қолға түсірді, деп хабарлайды Tizgin.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ТЕРГЕУ МАТЕРИАЛДАРЫНДА НЕ ДЕЛІНГЕН
Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі прокуратураның үйлестіруімен лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланды деген күдікке ілінген.
Тергеу материалдарына сәйкес, ол жекеменшік иесіне қорға аударылуға тиіс кепіл мүлкін сатудан түскен ақша қаражатын ұстап қалу құқығын заңсыз беріп, мемлекетке 11,4 млрд теңге көлемінде залал келтірген, – делінген ҰҚК мәліметінде.
Бұдан бөлек, ол мемлекеттік мүлікті төмендетілген құнмен сатып, осының салдарынан бюджетке 1,3 млрд теңгеден астам қаражат түспей қалған.
ҚОЛДАН ҚҰЖАТТАР ЖАСАҒАН
Сондай-ақ құжаттарды қолдан жасау арқылы кепілге қойылған жер учаскелерін сатып, қорға 800 млн теңге көлемінде залал келтірген борышкер компаниялардың меншік иесі мен оның сыбайластары ұсталды.
Сот санкциясымен олар Қылмыстық кодекстің 190 және 361-баптары бойынша қамауға алынып, мүлікке тыйым салынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, – делінген ақпарпатта.