Мал өсіру үшін мемлекеттен қолдау алып, малын үш жылға жеткізбей сатқандар сотталып жатыр
Мемлекеттен мал өсірем, көбейтем деп несие немесе субсидия алғандар ол малын үш жыл бойы сатпауы керек. Бұл ескертуді бүгін Үкіметте ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оның сөзінше, қолдау алғандар ертерек малын сатып жіберіп, сол үшін басы дауға қалып жатыр.
“Бұрын шаруашылық иесі жергілікті атқарушы органға өзі барып жауап беретін, енді қазір ауыл шаруашылығы басқармалары жылына бір рет тексеруге жататындай қылып өздері ережелерін өзгертті. Қозғалып жатқан істер бар. Ал бізде ережелерде жазылып қойған: егер сіз мал алатын болсаңыз, 2 немесе 3 жылға дейін сен оны басқа жерге сатуға болмайды. Көп жерде алған соң үш жыл болмай сатып жіберген. Ал ауыл шаруашылығы басқармалары нақты тексермеген. Енді осындай олқылықтар болмас үшін ережелерді өзгертіп жатырмыз”, – дейді Аманғали Бердалин.
Оның сөзінше, елде қазір асылтұқымды малды өсіруге субсидия берілмейді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram