ЖаңалықтарОқиға

Костанай облысында суға батқан ата мен немересінің денесі табылды

Оқиға отбасылық демалыс кезінде болған.

Суға батып кеткен ата мен немересінің денесі табылғанын еріктілер мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Өткен жексенбі күні Тобыл өзенінде, Алтын Дала ауылы маңында екі адам суға батып кеткен болатын. Олардың бірі – 2020 жылы туған бала болатын.

Отбасылық демалыс кезінде бала су жағасында ойнап жүріп, қатты ағысқа түсіп кеткен. Оны көрген атасы немересін құтқармақ болып суға секірген, алайда екеуі де ағысқа қарсы тұра алмай қалған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД-ның шамамен 40 қызметкері, 13 техника бірлігі, екі жүзу құралы және бір ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды. Үш сүңгуір тобы жұмыс істеген.

Back to top button