Конституциялық Сот қамау мерзімін ұзарту нормасын қарайды
Конституциялық Сот Қылмыстық-процестік кодекстің бұлтартпау шарасын ұзартуға қатысты нормасының Конституцияға сәйкестігін тексеруге кірісті, деп хабарлайды Tizgin.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.
Сот мәліметінше, ауыр қылмыстар бойынша қамауда ұстау мерзімін 12 айға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін ҚПК-нің 342-бабының үшінші бөлігіне қатысты өтініш қарауға қабылданған.
Өтініш беруші аталған норманың тұжырымдары жеткілікті дәрежеде айқын емес екенін және баптың жекелеген бөліктері арасында қайшылықтар бар екенін алға тартқан.
Өтініште келтірілген уәждер мәтіннің ықтимал айқын еместігі туралы болжамдарға негізделген. Ал дауланып отырған норма бұлтартпау шарасын ұзартудың нақты процессуалдық тәртібін белгілейді және Қылмыстық-процестік кодекс нормалары жүйесінде қолданылып, қорғау мүдделері мен процессуалдық қажеттілік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді, – деп мәлімдеді Конституциялық Сот.
Ведомство тексеру барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық Соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланатынын хабарлады.