Кондиционер құлап қайтыс болған Ұлданаға мемориалдық тақта орнатты
Кондиционер құлап, қайтыс болған фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне ауылдастары жергілікті амбулатория сыртына мемориалдық тақта орнатты, деп хабарлайды Tizgin.kz kz.kursiv.media.
ЕКІ ЖЕРГЕ ЕСІМІ БЕРІЛДІ
Мұның алдында аталған ақпаратпен Түркістан облысы әкімдігінен хабарлады.
Игі шараны Жетісай ауданы, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Үтіртөбе елдімекенінің тұрғындары қолға алды. Олар Ұлдана туып өскен, балалық шағы өткен жерде фельдшердің есімі қалуы керек деп шешті.
Сондай-ақ ауылдағы демалыс және спорт аймағына да Ұлдананың есімін берді.
КІМДЕР ҚАТЫСТЫ
Рәсімге ерте қаза болған фельдшердің анасы Сәлима Ишанқұлқызы, туған-туыстары, мұғалімдері, көршілері, аудандық әкімдік өкілдері мен медицина қызметкерлері келді. Олар Ұлдананың өз ісіне адалдығын, жауапкершілігі мен принципшілдігін ерекше атап өтті.
Еске салайық, Ұлдана Мырзуан Астанада науқастарға шұғыл көмек көрсету барысында ауыр жарақат алып, ауруханада көз жұмған еді.