Жаңалықтар
Жемқорлықпен күресте туған бауырымды да аямаймын – Жапаров
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров жемқорлықпен өзінің туған бауыры ұсталса да аяушылық танытпайтынын жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
ЖАПАРОВ НЕ ДЕДІ
Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлықпен күрес ештеңеге қарамастан жалғаса береді.
«Ешкімге аяушылық болмайды. Туған бауырым болса да, аямаймын. Алайда бауырларым мен балаларым мемлекеттік қызметте жұмыс істемейді, сондықтан көңілім тыныш», – деп қосты Садыр Жапаров.
МӘН-ЖАЙЫ
Айта кетейік, Қырғызстан президенті «Ынтымак Ордо» резиденциясында республикалық кеңес өткізді. Ол елдің ең шалғай ауылдарындағы басшыларға дейін барлық мемлекеттік қызметшілер 2030 жылға дейінгі стратегияда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру үшін жұмыс істеуі тиіс екенін айтқан болатын.