Жаңбыр, найзағай және 38 градус ыстық: 20 тамызда ауа райы қандай болады
20 тамызда Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал оңтүстік және батыс өңірлерде аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Tizgin.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады
Астанада күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Түнде ауа температурасы +10…+12, күндіз +20…+22 градус болады.
Қарағандыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді. Түнде +10…+12, күндіз +20…+22 градус.
Көкшетауда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +10…+12, күндіз +20…+22 градус болады.
Қостанайда жауын-шашын болмайды. Түнде ауа температурасы +9…+11, күндіз +23…+25 градусқа дейін көтеріледі.
Павлодарда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +13…+15, күндіз +18…+20 градус.
Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Түнде +9…+11, күндіз +20…+22 градус болады.
Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Түнде +13…+15, күндіз +22…+24 градус.
Өскеменде де жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде +13…+15, күндіз +25…+27 градус болады.
Жезқазғанда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде +16…+18, күндіз +29…+31 градус.
Оңтүстік пен батыста аптап ыстық сақталады
Алматыда күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел екпіні секундына 15 метрге дейін күшеюі мүмкін. Түнде +18…+20, күндіз +31…+33 градус болады.
Шымкентте жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы болжанады. Түнде +19…+21, күндіз +35…+37 градус.
Қонаевта жауын-шашын болмайды. Жел екпіні секундына 15–20 метрге дейін жетеді. Түнде +18…+20, күндіз +33…+35 градус болады.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде +12…+14, күндіз +34…+36 градус.
Таразда жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +18…+20, күндіз +33…+35 градус болады.
Түркістанда күндіз ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі. Жауын-шашын болмайды, жел екпіні секундына 15–20 метрге жетуі мүмкін. Түнде +18…+20 градус.
Қызылордада күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады. Түнде +20…+22, күндіз +36…+38 градус ыстық күтіледі.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Жел екпіні секундына 15–18 метрге дейін күшейеді. Түнде +22…+24, күндіз +32…+34 градус.
Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз болады. Түнде +16…+18, күндіз +33…+35 градус.
Атырауда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлтты ауа райы сақталады. Түнде +22…+24, күндіз +33…+35 градус болады.
Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде ауа температурасы +17…+19, күндіз +32…+34 градусқа дейін көтеріледі.