Блогер Ерболат Жанабылов пен әйелі Эльмира Төлегеноваға санаулы сәттерден кейін үкім шығады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сот барысында блогерлер процессуалдық келісімге келгені хабарланды.
Сот барысында прокурор процессуалдық келісіммен келісті. Сонымен қатар, ол блогерлерге жаңа жаза мерзімін сұрады:
Ерболат Жанабыловқа 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау ұсынылды. ҚР ҚК-нің 55-бабын қолдана отырып, түпкілікті жаза ретінде мүлкі тәркіленіп, 2 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру белгілеу сұралды
Эльмира Төлегеноваға ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтеу үшін 2 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, оны орындауды кейінге қалдыру ұсынылды.
Айта кетейік, Жанабыловтардың соты өткен аптада да жалғасқан. Сотта кеше денсаулығына байланысты процеске келе алмаған Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтып, судьядан процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірді. Сот прокурорға дайындық үшін бір сағат уақыт берді. Артынша прокурор Олжас Хайруллаев пен блогерлердің адвокаты Гаухар Айтжанова процессуалдық келісім бойынша дүйсенбіге дейін уақыт сұраған еді.