TOP-2Жаңалықтар

«Біз үшін үлкен сабақ болды»: Жанабыловтың жары соттағы соңғы сөзін айтты

Ерлі-зайыпты блогер Жанабыловтардың соты бүгін де жалғасты. Сотта кеше денсаулығына байланысты процеске келе алмаған Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Құрметті сот, болған оқиғаға қатысты жауапкершілікті толық түсінеміз. Өзіміз үшін бұл өмірлік сабақ болды. Біз шын пейілмен, заңды бұзғанымыз үшін өкінеміз. Бізге мейіріммен қарап, бас бостандығымыздан айырмайтындай жаза беруіңізді өтінеміз. Сондай-ақ құрметті сот, процессуалдық келісім жасасуды сұраймын. Процессуалдық келісімнің шарттарының бәрі бізге түсіндірілді”, – деді ол.

БЛОГЕРЛЕР СОТЫ

2025 жылдың 15 қыркүйегінде Астананың мамандандырылған ауданаралық соты Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты әкімшілік істі қараған. Сот заңсыз лотерея өткізу фактісі бойынша қозғалған әкімшілік істі тоқтатып, жаңа қаулы шығарды. Істе қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар болғандықтан, экономикалық тергеу департаментіне жолданды.

Қаржы мониторингі агенттігі ақпаратына сүйенсек, Instagram әлеуметтік желісінде 15 миллионнан астам жазылушысы бар ерлі-зайыпты өзіне тіркелгендердің сенімін заңсыз табыс табу мақсатында пайдаланған.

Іс материалдарына сәйкес, Ерболат Жанабыловтың 2024 жылғы Lamborghini Urus автокөлігінің құны – 237 млн теңге. Ал Эльмира Төлегенованың Lexus LX 600 көлігі 78 млн теңге тұрады.

Ал қылмыстық істегі жалпы шығын 247 млн теңгені құрайды.

Back to top button