Тергеу

Жамбылда алаяқтық жасаған бұрынғы полицейлер сотталды

Жамбыл облысында болған жағдайға байланысты мемлекеттік айыптаушы біріне алты жыл, екіншісіне бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды Tizgin.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

ЖӘБІРЛЕНУШІ КІМ

Өңірлік полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Жайдарбек Құттыбаев пен Талас аудандық полиция бөлімінің бұрынғы бастығы Еркен Абаевқа сот үкімі шықты. Жәбірленуші ретінде бұрынғы полиция қызметкері Дархан Уәлиев танылды.

Мемлекеттік айыптаушы Құттыбаевқа алты жыл, ал Абаевқа бес жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұраған. Сот бұл ұсыныспен келісіп, оған қоса мемлекеттік органдарда қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салды.

ҮКІМ ҚАНДАЙ

Жайдарбек Құттыбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 1) және 2) тармақтары («Ірі мөлшерде жасалған, лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдалану арқылы алаяқтық») бойынша кінәлі деп танылды.

Еркен Абаев Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі («Қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысушылардың түрлері») және 367-бабының 2-бөлігі («Елеулі мөлшерде пара беру») бойынша айыпты деп танылды.

Екеуі де өмір бойы мемлекеттік қызметте, құқық қорғау органдарында, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында, бақылау және қадағалау құрылымдарында, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан айырылды.

Back to top button