Испания әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Испания құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ширек финалда испандар Бельгияны 2:1 есебімен жеңіп, турнирдегі басты фавориттердің бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді, деа хабарлайды Tizgin.kz.
Кездесу барысында ойын тізгінін негізінен Испания өз қолында ұстады. Дегенмен, басымдыққа қарамастан, жеңіс голы матчтың аяқталуына небәрі үш минут қалғанда соғылды.
Бельгия қақпасын жарақат алған Тибо Куртуаның орнына алаңға шыққан 24 жастағы қақпашы Сенне Ламенс қорғады. Ол Педридің алыстан бағыттаған аса қауіпті емес соққысын ұстай алмай қалды. Допты алғаш болып жеткен Микель Мерино қақпаға дәл бағыттап, Испанияға жеңіс сыйлады.
Есепті матчтың 30-минутында Фабиан Руис ашты. Алайда он минуттан кейін бельгиялықтар қарымта шабуыл ұйымдастырып, Шарль де Кетеларе оң қапталдан көтерілген пасты баспен қақпаға тоғытып, таразы басын теңестірді.
Осылайша, Испания құрамасы жартылай финалға жолдама алып, 14 шілде күні Франциямен кездеседі. Бұл матч әлем чемпионатының ең тартысты ойындарының бірі болмақ.