$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

ІІМ жүргізушілерге айыппұл жаппай қате рәсімделгенін мойындады

Елде бірқатар жүргізушіге жылдамдықты асырғаны үшін қате айыппұл келген. Ішкі істер министрлігі бұған Бас прокуратураның ақпараттық жүйесіндегі техникалық ақау себеп болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қате салынған айыппұлдар қайдан шықты

ІІМ мәліметінше, 13-14 тамыз күндері Бас прокуратураның «ЕРАП» ақпараттық жүйесінде нұсқамаларды автоматты түрде қалыптастыру кезінде техникалық ақау болған. Соның салдарынан кейбір жүргізушілерге белгіленген жылдамдықты асырғаны үшін айыппұлдар қате жіберілген.

Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Қабденов жүргізушілерге полицияға барудың немесе айыппұлдың қате екенін дәлелдеудің қажеті жоқ екенін, қате рәсімделген айыппұлдар автоматты түрде жойылатынын айтты.

«Қазір әріптестерімізбен бірлесіп, техникалық ақаудың салдарын жою жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Жүргізушілерге айтарымыз: ешқайда барудың, полицияға жүгінудің немесе дәлелдеудің қажеті жоқ. Қате қалыптастырылған барлық нұсқама анықталды және олар автоматты түрде жойылады», – деді Мұрат Қабденов.

Айыппұлды төлеп қойғандар не істейді

ІІМ қате айыппұлды төлеп үлгерген жүргізушілердің мәселесі де назардан тыс қалмайтынын мәлімдеді.

Қазір мұндай азаматтарға төленген ақшаны қайтару тетігі әзірленіп жатыр.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button