Ерекше

Белгілі журналист Ғалым Доскен өмірден өтті

Бұл туралы “Qazaqstan” Ұлттық арнасының директоры Болат Мүрсәлім жеткізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Болат Мүрсәлім қаралы хабармен өзінің Facebook парақшасында бөлісті.

Қашан көрсең жайдары, сөйлеп кеткенде арғы мен бергіні, Батыс пен Шығысты сапырып отыратын, қазақтың әнін, күйін, жалпы ұлттық дүниесін түгендеп, соның жоқшысы бола білген Ғалым ағамыз о дүниелік болған екен. Ғалым ағадай биік, Ғалым ағадай парасатты басқа адамды дүниеде кезіктірдім бе, жоқ па, білмеймін. Қабағы түксиіп, күркіреген күндей көрінгенімен, жаны баладай нәзік, досына асық, төңірегіне жиған бауыр-қарындастарына әкедей қамқор жан еді, – делінген жазбада.

Back to top button