ЖаңалықтарҚоғам

Ертісбаев “Қазақстан халық партиясы” төрағалығынан кетті

Астанада Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс съезі өтіп, делегаттар партияның жаңа төрағасы етіп Нұрсұлтан Шоқановты сайлады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ЕРТІСБАЕВ НЕ АЙТТЫ

Партияның бұрынғы төрағасы Ермұхамет Ертісбаев съезге қатысушылар алдында сөз алып, үш жылда атқарылған жұмысты қорытындылады. Ол партия басшылығының ауысуы туралы да пікірін білдірді.

Ертісбаевтың сөзінше, бұл жаңару – кез келген саяси ұйым дамуындағы заңды кезең. Әсіресе жаңа Конституция қабылданған соң ел аумағында жүріп жатқан ауқымды саяси өзгерістер жағдайында өте маңызды екенін баса айтты.

“Кез келген даму кезеңі жаңаруды талап етеді. Мұның бәрі табиғи процесс болғандықтан онсыз ілгерілеу мүмкін емес”, – деді ол.

ДЕЛЕГАТТАР ДАУЫСЫН КІМГЕ БЕРДІ

Ертісбаевтің сөзінше, Халық партиясы кәсіби біліктілік, жауапкершілік пен сабақтастық принциптеріне негізделген заманауи басқару мәдениетін жүйелі түрде қалыптастырып келеді. Осы себепті жаңа төрағаның үміткерлігін анықтау кезінде оның нақты жұмыс нәтижелері, басқарушылық тәжірибесі, команданы ұйыстыра білу және партияны одан ары дамыту қабілеті ескерілді.

Дауыс беру қорытындысында делегаттар Нұрсұлтан Шоқановты Қазақстан Халық партиясының төрағасы етіп сайлады.

Back to top button