$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Енді тіркеусіз жүргендерге айыппұл салынады – прокуратура

Бас прокуратура тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру әкімшілік құқық бұзушылық болып саналатынын ескертті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Прокуратура мәліметінше, Астанада тіркеусіз тұрғаны үшін 41 906 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жауапқа тартылғандардың 533-і әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы құқық бұзушылықты қайталап жасаған.

Қазақстанға шетелден келген азаматтар елге кірген күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде тіркелуге міндетті.

Тіркеусіз жүрудің жазасы қандай

Бас прокуратура елорда тұрғындарын азаматтардың тіркеусіз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұруына жол бермеуге шақырды.

Ведомство мәліметінше, бұл талаптарды бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 492-бабына сәйкес 20 АЕК-ке дейін айыппұл қарастырылған.

Прокуратура азаматтарға тұрғылықты жері бойынша тіркеу талаптарын сақтап, жеке басын куәландыратын құжаттарының жарамдылық мерзімін бақылауды ескертті.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button