Оқиға

Елордада жүргізуші полициядан қашамын деп апатқа ұшырады

Астаналық тәртіп сақшылары есірткі таратты деген күдікпен 25 жастағы ер адамды қолға түсірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

ЖҮРГІЗУШІ ТАЛАПҚА БАҒЫНБАДЫ

Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер Chery автокөлігін тоқтатты. Көлік жүргізушісі тоқтау туралы заңды талапқа бағынбай, қашып кетпек болған.

Қудалаудан қашқан ол тұрғын үйдің ауласына кіріп, тұрған екі көлікті соққан. Осыдан кейін ер адам көліктен шығып, жаяу қашпақ болған кезде оны полиция қызметкерлері ұстап алған.

 ТАБЫЛҒАН ТҮЙІНШЕКТЕ НЕ БАР

Автокөлікті тексеру кезінде артқы орындықтан оқшаулағыш таспамен оралған, ішінде ұнтақ заты бар түйіншек табылды. Сараптама бұл салмағы шамамен 500 грамм болатын “Альфа-pvp” есірткісі екенін көрсетті.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

 

Back to top button