Елдегі ең ауыр жаза: Сұлтан Сәрсемәлиевке үкім шықты

Атырау облысында төрт бірдей туысын аяусыз өлтірді деп айыпталған Сұлтан Сәрсемәлиев өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сот үкімімен Сәрсемәлиев қайнысы Наурыз Мұқанғалиевті, қайын атасы Мақсот Қарабалинді, қайын енесі Нәсіп Өтешқалиеваны және балдызы Мейрамгүл Қарабалинаны өлтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Бұдан бөлек, ол интернет арқылы алаяқтық жасағаны және мал ұрлағаны үшін де айыпты деп танылды.
Бұл іс қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын. Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған еді. Енді сот сол талапты қанағаттандырды.
Қанды қылмыс Атырау облысындағы ауылдардың бірінде болған. Тергеу нұсқасы бойынша, айыпталушы өз туыстарын қатыгездікпен өлтіріп, кейін өзге де қылмыстар жасағаны анықталған.
Осылайша, сот Сұлтан Сәрсемәлиевті адам өлтіру, интернет-алаяқтық және мал ұрлығы бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру