ЖаңалықтарОқиға

Ақтөбе облысында көз жұмған әкімнің орнына жаңа әкім сайлайды

Ақтөбе облысында аумақтық сайлау комиссиясы Кеңқияқ ауылдық округі әкімі сайлауын тағайындады. Мұндай шешім округтің бұрынғы басшысы Қуанышбек Серікжановтың қызметтен кетіп, кейін үйінде өлі табылуына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

САЙЛАУҒА ДАЙЫНДЫҚ

Ресми ақпарат облыс әкімдігі сайтында жарияланды. Соған сәйкес комиссия сайлау округін құрып, дауыс беруді дайындап, өткізудің күнтізбелік жоспарын бекітті. Кеңқияқ ауылдық округі әкімі лауазымына кандидаттарды ұсыну 7 мамырда басталды.

Сайлау 14 маусымға тағайындалды.

МӘН-ЖАЙЫ

Айта кетейік, мамырдың басында Қуанышбек Серікжанов өз өтініші бойынша Кеңқияқ ауылдық округі әкімі қызметінен кеткен болатын. Келесі күні ол өз үйінде өлі күйінде табылды. Полиция сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

 

Back to top button